2019 жылдың 25 қазаны сағат 11.00-де. Almaty Gallery.

БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

2019 жылдың 25 қазанында сағат 11.00-де Almaty Gallery
(Жамбыл к., Достық даң. қиылысы) ғимаратында «Таланттарды
таныту» жобасы аясында дарынды жазушы Юрий
Серебрянскийдің шығармашылық кеші өтеді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этно-
мәдени бірлестіктер өкілдері және Алматы қаласының шығармашыл
жастары қатысады.
Шара мақсаты – әдебиеттің дамуына сүбелі үлесін қосып
жүрген дарынды да қызықты шығармашыл тұлғаларды
қазақстандықтарға таныту.
Юрий Серебрянский – жазушы, ақын. 2010, 2014 жылдардағы
әдеби “Русская премия” сыйлығының лауреаты. “Казахстанские
сказки” кітабы 2017 жылғы “Ұлы Жібек жолы бойынша” көрмесінде
балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік басылым ретінде
танылған.
Поляк этносының “Ałmatyński Kurier Polonijny” журналының
редакторы және Айова штаты Айова-сити қаласындағы IWP 2017
халықаралық жазушылық бағдарламасының құрметті қатысушысы.
2017 жылдан бастап “Қазақстандық Пен-клубының” мүшесі.
Шығрамашылық кеш барысында автордың шығармашылығы
мен жазушылық шеберлік туралы білетін боламыз. Сонымен қатар,
қатысушыларға арналған сыйлықтар ұтысқа салынады.
Кештің жүргізушілері: жазушы және композитор Ксандра
Силантье мен тележүргізуші Жалғас Шыныбеков.
Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының»
қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының
«Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ
Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын
ілгерілету тақырыбындағы жоба аясында өткізіледі.
Өтетін орны: Almaty Gallery (Жамбыл к., Достық д. қиылысы)

Өтетін уақыты: 2019 жылдың 25 қазаны сағат 11.00-де.