“Қара жұлдыз” роман-ертегісі 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан дүкендерінде

Қазақ және орыс тілдерінде

Қара жұлдыз

«Қара жұлдыз» — бірлескен авторлықта жазылған алғашқы кітап. Өкінішке орай, мен сұрақ қоя алмайтын тамаша жазушымен бірлескен авторлықта. Сұрақтарды оның романдары мен әңгімелеріне қоюға тура келді, оларды оқу барысында мен сезімтал, ақылды әрі терең ойлы автормен таныстым. Бақытжан Момышұлы 2012 жылы өмірден өтіп, артында үлкен ойдың бастамасы — “Қара жұлдыз” роман-ертегісін қалдырып кетті, ал қолжазбасы 2016 жылы Момышұлы отбасы роман-ертегінің соңын жазуды ұсынған кезде, машина жазбасы түрінде  менің қолыма тиді. Оның себебі – менің “Қазақстандық ертегілерім” және жазушының ұлы Ержан Момышұлының айтуынша,”Ертегілерді” оқу барысында ол  “Қара жұлдызды” маған беру қажеттігін сезінген. 

Басқа жазушының ойын, оның стилін, тілі мен ырғағын түсіну өте күрделі міндет.  Маған жазушының мұрагері, баспа және қандай да бір деңгейде автордың өзі берген шығармашылық бостандық, мәтінмен жұмыс жасаған екі жыл ішінде автормен өзара байланыс барын сезіндім (тіпті санамның екіге бөліну сәттеріне дейін), бұл бір жағынан шабыт, екінші жағынан қысым болды. Мәтіннің бір бетін жазғаннан қатты шаршап, бірнеше сағатқа ұйықтап кеткен кездерім де болды, бірақ менің күндізгі уақытта демалатын әдетім жоқ еді. Мен біртүрлі түстер көре бастадым, әрине, толық шоғырланудың нәтижесі, өзге мәдениетке тиесілі басқа тұлғаға қосылу әрекеті.

Роман немесе әңгімені оқи бастағаннан бастап, мен кітап көлемін білмесем де, оқиғаның соңы бастапқы бетінен қай аралықта аяқталатынын көремін. Мен тек басты кейіпкер, ханзада қара Жолдас қана емес, сонымен қатар басқа да кейіпкерлердің мінездерін автор салған бір ғана ритммен  аяқтағанда ашу мүмкін емес екенін анық білемін. Мен әрі қарай да кейіпкерлермен жұмыс істеуге, Бақытжан Момышұлы құрған сан қырлы, терең әлемді дамытуға әзірмін. 

Мен керемет суретші Асоль Сас жасаған иллюстрацияларды мақтан тұтамын, олар, әрине, мәтінге тағы бір ерекшелік қосады.

Қазақ тіліндегі әдеби аударма мәтінінің авторына ерекше алғыс білдіремін — бір мезгілде орыс және қазақ кітаптарын басып шығару — менің қазақстандық жазушы ретінде өмір сүру тәсілім және мен оған әрдайым үлкен мән беремін.

“Қара жұлдыз” роман-ертегісі — үлкен кәсіпқойлар командасы жұмысының жемісі, жұмыс басталмай тұрып осы идеяға сенген баспаға, романға шабыттандыратын алғы сөз жазған тамаша жазушы Адольф Альфонсович Арцишевскийге, үнемі бірге жұмыс жасайтын суретші, макет пен мұқабаны жасаған Артем Калюжныйға алғыс айтқым келеді, кітаппен ары қарай жұмыс істейтіндерге, оқырманның қолына жеткізетіндерге үлкен рахмет.

Жаңалықтар

2019 жылдың 25 қазаны сағат 11.00-де. Almaty Gallery.

БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ 2019 жылдың 25 қазанында сағат 11.00-де Almaty Gallery (Жамбыл к., Достық даң. қиылысы) ғимаратында «Таланттарды таныту» жобасы аясында дарынды жазушы Юрий Серебрянскийдің шығармашылық кеші өтеді. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этно- мәдени бірлестіктер өкілдері және Алматы қаласының шығармашыл жастары қатысады. Шара мақсаты – әдебиеттің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген дарынды да қызықты шығармашыл …