Юрий Серебрянский — поляк текті қазақстандық автор. Проза, өлең жазып, әдеби аудармамен айналысады, «Алматының ашық әдеби мектебінде» проза семинарын жүргізеді. 2006 жылдан бастап Қазақстан, Ресей және басқа да елдердің әдеби журналдарында жарияланып тұрады.
2010, 2014 жылдардағы «Русская премия» атты орыс әдеби сыйлығының лауреаты. «Қазақстандық ертегілер» кітабы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлы Жібек жолы бойында» кітап көрмесінің үздік басылымы болып танылды.
2006 және 2008 жылдары «Липкадағы жас жазушылар форумына» қатысты.
Қазақстандағы поляк диаспорасы журналының «Ałmatyński Kurier Polonijny» редакторы.
2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Esquire» журналының қазақстандық нұсқасының редакциясын басқарды. Fashion TV Award сыйлығының иегері.
Айова штаты, Айова-сити қаласындағы Халықаралық IWP 2017 жазушылық бағдарламасының құрметті қатысушысы. 2017 жылдан бастап «Қазақ Pen-клубының» мүшесі.
Проза мен өлеңдері қазақ, поляк, ағылшын, араб, қытай, испан, француз, неміс тілдеріне аударылған.